«Табысты менеджмент-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 26 ақпан күні «Табысты менеджмент-2021» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға облыстағы 17 колледж қатысты. Сайыс талаптарына сәйкес қатысушылар колледж жұмысы туралы 5 минуттық бейнеролик әзірлеп, әлеуметтік желіге жариялады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар 10 беттік фотоальбом ұсынып, «Заманауи менеджмент: табыс формуласы» тақырыбында эссе жазды.

Қазылар алқасының шешімімен Құлан агротехникалық жоғары колледжі Бас жүлдесін жеңіп алса, І орынды Қаратау құрылыс – техникалық колледжі иеленді. Жүлделі ІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен №3 Байзақ колледжі иеленді. ІІІ орынға Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі иелік етті.

Бұдан бөлек, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі «Үздік командалық ұжым» номинациясымен, Жаңатас көпсалалы колледжі «Табысты ұжым» номинациясымен және Тараз инновациялық көпсалалы колледжі – «Креативті ұжым» номинациямен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Жамбыл облысының бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық ақпараттық жүйесі