«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 25 ақпан күні колледж педагогтеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға өңірдегі 15 колледжден 41 педагог қатысып, оқу-әдiстемелiк кешендерін, оқу-әдiстемелiк құралдарын және авторлық бағдарламаларын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Нариман Жүзбаев «Электрлік өлшемдер бойынша зертханалық практикум» тақырыбындағы авторлық бағдарламасын ұсынып, І орын иегері атанды.

Ал жүлделі ІІ орынды Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің оқытушысы Алмаз Сәулебай және Тараз сервис және технология колледжінің оқытушысы Ляйля Альдибаева жеңіп алды. ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушылары Жадыра Қарымсақова, Лазиза Қасымова және Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің оқытушысы Жандос Тленчиев иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жамбыл облысының бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық ақпараттық жүйесі