Жамбыл облысы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды-ақпараттық жүйесі

  • Құжаттарды қабылдау

    Құрметті ата-аналар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24-маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ағымдағы жылдың 1-сәуірінен 1-тамызына дейін өзгертілді.

    avatar
  • Бос орындар

    Барлық түрдегі мектептердің 0-11 сыныптарындағы қолжетімді орындар саны

    Толығырақ...

    avatar
  • Мектептер туралы:

    Барлық мектеп туралы жалпы деректерді білу үшін

    Толығырақ...

    avatar




Ақпарат бір жерде

Мектепті іздеу

Мектепті іздеу, мектептер туралы толық ақпарат
Ары қарай

Бірінші сыныпқа өтініш

1-сыныпқа қабылдануға электронды өтініш жіберу
Ары қарай

Өтініштің ағымдағы статусын тексеру

Өтініштің қазіргі статусы жайлы ақпарат
Ары қарай

Жиі қойылатын сұрақтар

Анықтамалық ақпарат және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Ары қарай

Неге бұл оңай?

Мектепті онлайн тәртібінде таңдауға мүмкіндігі
Мектеп туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ қараңыз
Кезекте тұрған жеріңізді онлайн қарау
Сізге қажетті ақпаратты SMS немесе E-MAIL арқылы алу

Мектептердің кеңейтілген іздеулеріне баруды ұсынамыз, онда сізге оңтайлы нұсқаны табуға болады

Іздеуге өтіңіз

Соңғы жаңалықтар Тараз қ. бойынша

174 2021-03-26
«Табысты менеджмент-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 26 ақпан күні «Табысты менеджмент-2021» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға облыстағы 17 колледж қатысты. Сайыс талаптарына сәйкес қатысушылар колледж жұмысы туралы 5 минуттық бейнеролик әзірлеп, әлеуметтік желіге жариялады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар 10 беттік фотоальбом ұсынып, «Заманауи менеджмент: табыс формуласы» тақырыбында эссе жазды.

Қазылар алқасының шешімімен Құлан агротехникалық жоғары колледжі Бас жүлдесін жеңіп алса, І орынды Қаратау құрылыс – техникалық колледжі иеленді. Жүлделі ІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен №3 Байзақ колледжі иеленді. ІІІ орынға Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі иелік етті.

Бұдан бөлек, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі «Үздік командалық ұжым» номинациясымен, Жаңатас көпсалалы колледжі «Табысты ұжым» номинациясымен және Тараз инновациялық көпсалалы колледжі – «Креативті ұжым» номинациямен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

130 2021-02-26
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 25 ақпан күні колледж педагогтеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға өңірдегі 15 колледжден 41 педагог қатысып, оқу-әдiстемелiк кешендерін, оқу-әдiстемелiк құралдарын және авторлық бағдарламаларын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Нариман Жүзбаев «Электрлік өлшемдер бойынша зертханалық практикум» тақырыбындағы авторлық бағдарламасын ұсынып, І орын иегері атанды.

Ал жүлделі ІІ орынды Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің оқытушысы Алмаз Сәулебай және Тараз сервис және технология колледжінің оқытушысы Ляйля Альдибаева жеңіп алды. ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушылары Жадыра Қарымсақова, Лазиза Қасымова және Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің оқытушысы Жандос Тленчиев иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

147 2021-02-26
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ

25 ақпан күні Жамбыл облысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен “Жомарт түлек-2021” жамбылдық танымал түлектер кездесуі өтті.

Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

Жиынға облыстан шыққан елге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер,Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуде қатысушыларға «Тәуелсіздік жылнамасы» бейнефильмі (летопись) көрсетілді. Фильм Жамбыл облысында 1991 жылдан бері әр 5 жылдықта атқарылған негізгі жұмыстарына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналды.

Басқосу барысында облыс әкімі жиынның маңыздылығын баяндап, ағымдағы жылы аталып өтетін даталарға тоқталды. Бұдан бөлек, өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай іске асатын 30 игі іске бастау берді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, өңір түлегі Махмұд Қасымбеков онлайн байланысқа шығып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді.

Жиында Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді және өзге де танымал түлектер туған жерге қолдау көрсету перзенттік парыз екендігін атап өтіп, өңір тумаларын облыстың өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Бұдан бөлек, жиында Сингапур елінен кәсіпкер Талғат Тұрымовтың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, бейнеконференц байланысы арқылы Москва қаласынан қосылған Тараз қаласындағы № 1 гимназияның түлегі, М.Ломоносов атындағы МГУ магистранты Загрибельный Богдан және Америка Құрама Штатынан бейнебайланысқа шыққан дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі, бүгінде Америка Құрама Штаттарында ІТ саласында жұмыс істейтін Қайрат Әшім туған жеріне ізгі лебіздерін жеткізді.

Кездесу соңында облыстың дамуына қосқан сүбелі үлесі және «Жомарт түлек» акциясына белсене қатысқаны үшін түлектерге облыс әкімінің алғыс хаты және «Жомарт түлек» сыйлығы табыс етілді.

 

2021-02-26
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

22-26 ақпан аралығында республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде. Білім сынағы Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында өтуде. Оған аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 506 оқушы қатысуда. Биыл пәндік олимпиада жаңа форматта өтуде. Яғни облыстық кезең бұрынғыдай бір күнде ұйымдастырылмайды. Жүзге жуық оқушы бір күнде 6 аудиторияда тест тапсырады. Осылайша олимпиада 26 ақпанға дейін созылады. Олимпиада күніне екі пәннен өткізіледі. Оқушылар жалпы саны 16 пән бойынша сынақ тапсырмаларын орындайды. Ал оның тапсырмалары ro.daryn.kz сайтында орналастырылады. Яғни оқушы сайтқа кіріп, тапсырманы жүктеп алады. Барлық қатысушыларға сәттілік!

139 2021-02-25
ТАНЫМАЛ ТҮЛЕКТЕР ТАРАЗДА БАС ҚОСАДЫ

Республикада алғаш болып Жамбыл облысы «Жомарт түлек-2021» жобасын қолға алды.   Жоба аясында 25 ақпан күні Тараз қаласында Жамбыл облысынан шыққан елімізге танымал, табысты түлектер кездесуі өтеді.   Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Кездесуде сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жас буынмен жүздесіп, өз кәсіптерінің қыр-сырымен, жетістікке жету жолымен бөліседі.   Дәстүрлі және онлайн режимде өтетін жиынның негізгі өзегі өңіріміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін кеңінен паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

123 2021-02-23